$455.4 €526.99 ₽5.25
×

Жамбылда қоқыс жәшігінен табылған шақалақтың анасы ұсталды

03.09.2026ж. 01:06
Жамбылда қоқыс жәшігінен табылған шақалақтың анасы ұсталды
Фото: 24.kz

Жамбыл облысындағы Гвардейск гарнизонында қоқыс жәшігінен табылған шақалақтың анасы ұсталды.

«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында жаңа туған сәбиін қауіпті жағдайда тастап кеткен күдікті әйел қысқа уақытта анықталды. Күдікті полиция бөлімінде кінәсін мойындаған», - деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті.

Жан-жақты, толық тергеп-тексеру өткеннен кейін оған қатысты шешім қабылданады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.