Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Н. Назарбаев Германия канцлері қызметіне қайта сайланған Ангела Меркельді құттықтады

AstanaTV
15.03.2018ж. 20:00
2693
Н. Назарбаев Германия канцлері қызметіне қайта сайланған Ангела Меркельді құттықтады

Н. Назарбаев Германия канцлері қызметіне қайта сайланған Ангела Меркельді құттықтады. Жеделхатта парламенттік сайлаудағы оның жеңісін - халық сенімінің дәлелі екенін айтқан. Ангела Меркельдің Германияның Еуропадағы, әлемдегі орнын нығайтуға, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту саясатының қолдау тапқанын атап өткен.  Президент елдер арасындағы ынтымақтастық одан әрі дамитынына сенім білдірді.

Ангела Меркель осымен төртінші рет канцлер ретінде сайланып отыр. Оған Бундестагтың 364 депутаты дауыс берген. Канцлер 4 жылға сайланады. Алғаш рет Меркель үкіметті 2005 жылы басқарды.