$455.4 €526.99 ₽5.25
×

Құрылтайдың салалық комитеті ҚР Премьер-министрінің орынбасары –Үкімет Аппараты басшысының кандидатурасына келісім берді

Құрылтайдың салалық комитеті ҚР Премьер-министрінің орынбасары –Үкімет Аппараты басшысының кандидатурасына келісім берді

Қазақстан Республикасы Құрылтайының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындау үшін Ғалымжан Қойшыбаевтың кандидатурасы келісілді.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды.

Комитет отырысының нәтижесінде ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.