$455.4 €526.99 ₽5.25
×

Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды
Ақорда

Құрылтайдың салалық комитеті Мәдениет және ақпарат министрінің кандидатурасына келісім берді. Кейін Ақорда бұл қызметке Арман Қырықбаевты тағайындады.

«Қазақстан Республикасы Құрылтайының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындау үшін Арман Қырықбаевтың кандидатурасы келісілді», - деп хабарлайды Құрылтайдың баспасөз қызметі.

Кейін Ақорда оның тағайындалғаны туралы Жарлықты жариялады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босады», - деп хабарлайды Ақорда.