$452.59 €507.67 ₽5.48

Арқан тартыстан қос алтын

Арқан тартыстан қос алтын
Спорт комитеті

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы арқан тартыстан тағы бір алтын жүлдені қоржынға салды. Бүгін арқан тартыстың 4×4 түрінен сынға түскен ұлттық құрама тартысты бәсекеде үздік шығып, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, бұл - құраманың осы ойындардағы екінші алтыны. Кеше дәл осы спортшылар арқан тартыстың 8×8 түрінен де алтын жүлде еншілеген болатын.