«Әділет» партиясы «Мектепке нық қадаммен!» республикалық акциясын ұйымдастырды.
Ел аумағында өткен әлеуметтік бастама барысында партияластар қосымша қолдауды қажет ететін балаларға нақты көмек көрсетіп, бүлдіршіндер мектепке қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Акцияға партия мүшелері мен белсенділері, Құрылтай депутаттары қатысты. Сондай-ақ кәсіпкерлер, меценаттар, қайырымдылық ұйымдарының өкілдері мен еріктілер де игі іске атсалысты.