$456.56 €530.52 ₽5.28
×

Маңғыстау вокзалында пойызға мінбек болған жолаушы көз жұмды

05.09.2026ж. 11:17
Маңғыстау вокзалында пойызға мінбек болған жолаушы көз жұмды
Фото: КТЖ

Маңғыстау вокзалында Маңғыстау – Орал бағытындағы пойызға мінбек болған ер адамның денсаулығы кенет нашарлап, қайтыс болды.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ ақпаратынша, пойыз қызметкерлері бірден жедел жәрдем шақырып, оқиға туралы полиция мен станция кезекшісіне хабар берген.

Дәрігерлер жолаушыға көмек көрсетуге тырысқанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Оқиғаға байланысты пойыз белгіленген уақыттан кеш шығып, жолға кейінірек аттанған.

Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де жұмыс істеген.