Петропавлда суға түсіп кетіп, өздігінен жағаға шыға алмай қалған жылқыны ТЖМ қызметкерлері құтқарды.
Куәгерлердің айтуынша, жануар суда шамамен екі тәулік болған.
Құтқарушылар әбден әлсіреген жылқының аяқтарын арнайы арқанмен бекітіп, қауіпсіз жерге алып шықты.
Құтқарылған жылқы иесіне тапсырылды.