$456.56 €530.52 ₽5.28
×

GPT-6 Astra: OpenAI жаңа ЖИ моделін таныстырды

05.09.2026ж. 20:34
GPT-6 Astra: OpenAI жаңа ЖИ моделін таныстырды
фото:Open AI

OpenAI жаңа GPT-6 Astra жасанды интеллект моделін таныстырғанын мәлімдеді.

Компанияның хабарлауынша, жаңа модель браузер және компьютермен жұмыс істеу, бағдарламалау, киберқауіпсіздік, ғылым және кәсіби тапсырмаларды орындау бағыттарында жетілдірілген.

Сондай-ақ әзірлеушілер GPT-6 Astra пайдаланушының мақсатын түсіну және берілген тапсырманың шегінен шықпау қабілеті бойынша алдыңғы модельдерден айтарлықтай жақсарғанын айтады.

Компания мәліметінше, GPT-6 Astra алдымен шектеулі ұйымдарға ұсынылып, кейін ChatGPT Plus, Pro, Business және Enterprise қолданушыларына, сондай-ақ OpenAI API арқылы қолжетімді болмақ.