Маңғыстау – Орал бағытындағы пойызға отыруға келген жолаушының кенеттен жағдайы нашарлап, көз жұмды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, жолаушы вагон маңында өзін кенеттен жайсыз сезінген. Пойыз қызметкерлері дереу жедел жәрдем шақырып, полиция мен станция кезекшісіне хабар берген.
Алайда оқиға орнына келген медицина қызметкерлері ер адамның қайтыс болғанын анықтады. Осыған байланысты пойыздың жөнелтілуі жоспарланған уақыттан кешіккен. Вокзалда құқық қорғау органдарының қызметкерлері де жұмыс істеді.
Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, жолаушының өліміне байланысты Маңғыстау станциясындағы көліктегі полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталған.