$456.56 €530.52 ₽5.28
×

Саябақтағы декоративті элементтің үстіне шығып, оны теңселткен: Жас жігіт жауапкершілікке тартылды

Саябақтағы декоративті элементтің үстіне шығып, оны теңселткен: Жас жігіт жауапкершілікке тартылды
фото скрин

Шымкент қаласындағы City Park аумағында қоғамдық тәртіпті бұзған жас жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның әдепсіз әрекеті түсірілген видео желіде тарап, қала әкімдігі ресми түсініктеме берді.

Ресми мәліметке сәйкес, 2007 жылы туған азамат тыйым салынғанына қарамастан, саябақтағы декоративті элементтің үстіне шығып, оны теңселткен. Сонымен қатар ол қоғамдық орында бейәдеп сөздер айтып, балағаттаған.

Полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырып, оқиғаға заңдық баға берді.

Шымкент билігі қала саябақтары мен қоғамдық орындарда белгіленген тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін сақтау барша тұрғындар мен қонақтарға ортақ талап екенін ескертті.