Қарағанды облысының Теміртау қаласында, 70-орамда орналасқан тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде 10 шаршы метр аумақта үй заттары, терезе блогы, тұрмыстық техника және жиһаз жанды.
Оқиға орнына келген құтқарушылар өртті сөндіруге жедел кірісті. ТЖМ қызметкерлері құтқару қалпақтарының көмегімен төрт адамды, оның ішінде бір баланы құтқарды.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ ескертеді: өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне дереу хабарлау қажет.