Қазақстан өңірлерінде мал қыстату маусымына дайындық аясында жемшөп әзірлеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Бүгінде еліміз бойынша 33,1 млн тонна жемшөп дайындалды. Бұл жоспарланған көлемнің 80%-ын құрайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, облыс әкімдіктерінің жедел деректері бойынша 25,3 млн тонна шөп, 2,5 млн тонна сабан, 2,3 млн тонна пішендеме, 1,6 млн тонна құнарландырылған жем және 1,4 млн тонна сүрлем әзірленген.
Жемшөп дайындау көлемі бойынша Түркістан облысы бірінші орында. Өңірде 5,02 млн тонна жемшөп қоры жиналған.
Одан кейінгі орындарда:
Осы бес өңірдің өзінде шамамен 16,4 млн тонна жемшөп дайындалған. Бұл ел бойынша әзірленген жалпы көлемнің жартысына жуығын құрайды.