$456.56 €530.52 ₽5.28
×

7 қыркүйектен бастап зейнетақы жинағын жеке компанияға салуға болады

AstanaTV
07.09.2026ж. 19:00
7 қыркүйектен бастап зейнетақы жинағын жеке компанияға салуға болады

Бүгіннен бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын толықтай инвестициялық компаниялардың басқаруына бере алады. Бұған дейін міндетті зейнетақы жинағының 50 пайызына дейін ғана аударуға болатын. Енді салымшы қаражатын толықтай жеке компанияға сенімгерлік басқаруға бере алады. Ол үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы өтініш беруге немесе қор бөлімшесіне жүгінуге болады. Басқарушы компанияны салымшы арнайы платформадан өзі таңдайды. Қазір зейнетақы активтерін басқаруға алты компанияның рұқсаты бар.