$456.56 €530.52 ₽5.28
×

Келер жылдан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі өзгереді

Келер жылдан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі өзгереді

Келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі өзгереді. Енді жәрдемақы тағайындау кезінде азаматтың өзі ғана емес, отбасындағы барлық кәмелетке толған мүшелердің материалдық жағдайы есепке алынады. Тексеруден кейін отбасылар бірнеше санатқа бөлінеді. Мәселен, әл-ауқаты жоғары «А» санатына қазір атаулы әлеуметтік көмек алып отырған 92 отбасы кірсе, қанағаттанарлық «Б» санатына 5 мыңдай отбасы еніп отыр. Жаңа жүйе бойынша, осы екі санатқа жатқызылған отбасылар үшін әлеуметтік көмектің жекелеген түрлері шектеледі. Сонымен қатар, табысы жеткілікті азаматтарға мемлекеттік көмектен ерікті түрде бас тарту туралы СМС-хабарлама жіберілмек. Бас тарту немесе келісім беру толықтай азаматтардың өз еркінде болады.