Құрылтайда «Әділет» партиясы фракциясының отырысы өтті. Депутаттар алдағы жұмыс барысын ұйымдастыру ісін, ішкі үйлестіру мәселелерін және парламенттік қызметтің негізгі бағыттарын талқылады.
Жиында Мемлекет басшысының реформалары мен бастамаларын заңнамалық тұрғыда сүйемелдеу, сондай-ақ фракцияның жүйелі жұмысын жолға қою мәселелеріне баса назар аударылды. Депутаттардың бастамаларын үйлестіруге және келісілген ұстанымдар әзірлеу ісіндегі Фракция Төралқасының рөліне қатысты мәселелер жеке қаралды.
Фракция жетекшісі Ербол Адаев алдағы жұмыс барысы барлық мәселені дәйекті әрі мазмұнды түрде пысықтауды талап ететінін атап өтті. Оның айтуынша, азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс істеу және бейінді мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жүргізу мәселесі айрықша маңызды.
Отырыс қорытындысы бойынша фракция жұмысын ұйымдастыруға, депутаттардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жүргізуіне және қоғам үшін маңызды мәселелерді қарауға қатысты алдағы қадамдар айқындалды.


