$454.46 €527.72 ₽5.25
×

"Мұғалімді кешкі сағат 18:00-ден кейін орынсыз мазалауға болмайды", - министр

"Мұғалімді кешкі сағат 18:00-ден кейін орынсыз мазалауға болмайды", - министр

"Мұғалімді кешкі сағат 18:00-ден кейін орынсыз мазалауға болмайды. Педагог жұмыстан тыс уақытта ата-аналар чатына жауап беруге міндетті емес". Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың бұл пікірі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Министрдің айтуынша, көпшілік ұстаздардың жеке өмірін сыйлауы керек.  Онсыз да сабақтан соң дәптер тексеріп, ертеңгі күннің жоспарын жазатын мұғалімдердің тынығуға құқы бар дейді.

ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Болатын-болмайтын ұсақ-түйек мәселемен біздің ұстаздарымызды мазаламаса екен деген бір қоғамдық әдеттің жаңа нормасы туралы менің ұсынысым болды.  Биыл бізде 4 млн 100 мың бала мектеп табалдырығын аттады. Оның ішінде 8 млнға жуық біздің ата-аналарымыз бар. Ал ұстаздар қоғамдастығы 420 мың. + Қандай мәселемен біз жедел түрде хабарласуымыз қажет, қандай мәселені келесі күнге қалдыруымыз керек дегенді бірлесіп шешеміз деп ойлаймын.