$454.46 €527.72 ₽5.25
×

Бокстан 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын қазақ спортшыларының тізімі жарияланды

08.09.2026ж. 23:13
Бокстан 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын қазақ спортшыларының тізімі жарияланды
Фото: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстан бокс құрамасының бапкерлер штабы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларындағы 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылар тізімін жариялады.

Қазақстан бокс федерациясы Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. 

Көпсалалы спорттық додада ел намысын мына боксшылар қорғайды:

55 келіге дейін: Махмұд Сабырхан

60 келіге дейін: Оразбек Асылқұлов

70 келіге дейін: Төрехан Сабырхан

80 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов

90 келіге дейін: Нұрбек Оралбай

90 келіден жоғары: Айбек Оралбай

2026 жылғы Азия ойындарының ашылу салтанаты 19 қыркүйекте өтеді. Бокс бәсекелері 21 қыркүйекте басталады.