$454.46 €527.72 ₽5.25
×

Жаңаөзенде полицейлер мұнай нысандарынан жабдық ұрлады деген күдіктіні ұстады

Жаңаөзенде полицейлер мұнай нысандарынан жабдық ұрлады деген күдіктіні ұстады
Polisia.kz.

"Металл" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жаңаөзен қаласының полиция қызметкерлері мұнай-газ кәсіпорнының өндірістік нысандарынан жабдықтарды бірнеше рет ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады.

Алдымен полицияға Теңге ауылында орналасқан ұңғымалардың бірінен екі шиберлі ысырманың ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Ұрланған жабдықтың жалпы құны 1,5 миллион теңгеден астам соманы құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтады. Кейінгі тексеру кезінде оның осыған ұқсас өзге де ұрлықтарға қатысы болуы мүмкін екені белгілі болды. Жалпы ер адам кәсіпорын мүлкін ұрлаудың алты дерегіне қатысы бар деген күдікке ілінді. Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ұрланған жабдықтардың орналасқан жерін анықтау, сондай-ақ басқа тұлғалардың қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.