Қазақстанда жұмыс іздеген адамға мүмкіндік көп. Бүгінде Электрондық еңбек биржасында 105 мыңнан астам бос жұмыс орны бар.
Тек тамыз айында жұмыс берушілер 131 мыңнан астам қызметкер іздеген. Бұл шілдеге қарағанда 26 пайызға көп. Ал жұмыс іздеп жүрген азаматтар 145 мыңнан астам түйіндеме жіберген.
Ең көп қызметкер керек болып отырған сала - білім беру. Тамызда мұнда 61 мыңға жуық бос жұмыс орны болған. Мұнан бөлек, медицина, қызмет көрсету, құрылыс, өндіріс және ауыл шаруашылығы салаларында да сұраныс жоғары.
Ал жұмыс көп ұсынылған қалалар - Астана мен Алматы. Екеуінде де шамамен 10 мыңнан бос жұмыс орны бар.
Жалақысы жоғары жұмыстар да кездеседі. Тау-кен өндірісіндегі ауысым бастығына 2 млн 60 мың теңгеге дейін төленсе, киберқауіпсіздік маманына ай сайын 2 млн теңге табады, ал кеніш директорына 1 млн 630 мың теңгеге жуық айлық төленеді.
Яғни еңбек нарығында қарапайым жұмысшыларға ғана емес, тәжірибесі мен білімі бар мамандарға да сұраныс жоғары. Жалпы, жыл басынан бері Электрондық еңбек биржасында 840 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған.