$450.79 €524.13 ₽5.31
×

Қызылордада тексеру комиссияларының қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды

Қызылордада тексеру комиссияларының қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды

Қызылордада тексеру комиссияларының қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды. Салаға озық тәжірибелерді енгізіп, жаңа бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығы айтылды. Семинар-кеңес тексеру комиссияларының 15 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Оған 15 облыстан делегаттар келіп қатысты.

Саланы цифрландыру, қызметін жетілдіру, сыртқы мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттыру заман талабы дейді жиналғандар. Қатысушылар қаржылық бақылаудың нормативтік құқықтық актілері мен рәсімдерін жетілдіру, даму перспективалары турасында пікір алмасты.

МҰСА ҚАЛДАРБЕКОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Семинардың маңызы біріншіден тәжірибе алмасу. Заңдарды жетілдіру мақсатында өзіміздің ортаға ойларымызды салып, бірге талқылаймыз. Сөйтіп соны жоғары палаға өзгерістерге ұсыныс береміз. Семинардың үлкен септігі бар, маңызы да бар. Қызметкерлердің жұмыс саласында жетілуіне, білім жағына өсуіне, тәжірибе жағынан өсуіне үлкен себебі бар.

Тексеру комиссиясы елімізде осыдан 15 жыл бұрын қалыптасты. Сала мамандары мемлекеттік қаражаттың әр тиынына дейін тиімді, мақсатты жұмсалуын қадағалап келеді. Айтулы күн қарсаңында еңбектері еленіп, марапат төрінен көрінен.

НҰРЛАН СЕЙІТПАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ:

14 жыл бойы облыс бойынша тексеру комиссиясында үздіксіз еңбек етіп келемін. Еңбектің еленгені, бір жағынан мынау 15 жылдың облыстық тексеру комиссияның құрылғаны 15 жыл толуына орай ұжымның көрсеткен еңбегіне беріліп жатқан баға деп білемін.

Екі күнге созылға іс-шара саладағы мәселелерді талқылауға жол ашып қана қоймай, болашаққа бағдар алар тәжірибе алаңы болды.