$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарда энергетиктер кәсіпкерлерге 40 миллион теңге қайтарып берді

AstanaTV
16.03.2018ж. 20:00
2555
Қызылжарда энергетиктер кәсіпкерлерге 40 миллион теңге қайтарып берді

Қызылжарда энергетиктер жеке кәсіпкерлерге 40 миллион теңге қайтарып берді. Табиғи монополияларды реттеу департаменті өкілдерінің дерегінше, тұтынылған жарықты есептеу кезінде қателіктерге жол берілген.

Наталья Шаяхметова, СҚО бойынша ТМР және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары:

Наурыздың бірінде "Севказэнерго" тарифті қайта есептейтінін хабарлады. 903 кәсіпкерге 40 миллионнан астам теңге қайтарылды. Олар жыл аяғына дейін осы тарифті ұстануы тиіс. Егер тарифті өз еркімен өзгертетін болса, біз оларды ескертпей, тексеру шараларын қолға аламыз.

Айта кетейік, өткен жылы қыркүйекте дифференциалды тарифтер жойылған соң, "Севказэнерго" компаниясы 900-ге тарта кәсіпкерді жеке тұлғалардың қатарына қосқан. Нәтижесінде бизнес иелері жарық құнын орташа тарифпен емес, «неғұрлым көп тұтынса, соғұрлым қымбат төлеу» жүйесімен өтеп келген. Шығынға батқан бизнесмендер құзырлы органға шағымданды. Ізінше табиғи монополияны реттеу департаменті жарықпен қамтушыларға ескерту қағазын жолдады. Энергетиктер тарифті қайта есептеп, артық қаражатты жеке кәсіпкерлерге қайтарған. Бұдан былай бизнес өкілдері бір киловаттқа шамамен 15 теңге төлемек.