$450.91 €522.69 ₽5.33
×

Отбасы күніне арналған апталықтың алтыншы күні қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталады

Отбасы күніне арналған апталықтың алтыншы күні қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталады
Мәдениет министрлігі

Отбасыларға кеңес беретін алаңдар ұйымдастырылады

Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық жалғасып жатыр. Бүгін еліміздің барлық өңірінде қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған іс-шаралар өтуде, – деп жазды Astana TV.

Атаулы күні отбасындағы қаржының тұрақты болуы, қаржыны дұрыс жоспарлау, әлеуметтік көмекті пайдалану және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы кеңінен ақпарат беріледі.

Отбасыларға кеңес беру үшін мемлекеттік органдардың, Отбасын қолдау орталықтарының, әлеуметтік қызмет көрсету мен үкіметтік емес ұйымдардың мамандары бас қосатын арнайы алаңдар ұйымдастырылады.

Апталық аясында қайырымдылық акцияларын өткізу де жоспарланған.

Бұған дейін, елімізде үйленетін жұптар некеге дейін арнаулы оқудан өте алатыны туралы жазған едік.