$447.88 €516.58 ₽5.29
×

Республика күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады?

14.09.2026ж. 23:16
Республика күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады?
фото: istockphoto

Қазан айында қазақстандықтар мереке мен демалыс күндерін қоса есептегенде 10 күн демалады. Республика күніне орай ел азаматтары бірнеше күн қатарынан демалады, – деп хабарлайды  Astana TV.

Республика күнінде қазақстандықтар қалай демалады.

Республика күні биыл 25 қазан, жексенбіге түседі. Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасында демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады.

Осылайша:

  • бес күндік жұмыс аптасында – 24, 25 және 26 қазан, яғни сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері қатарынан үш күн демалыс;

  • алты күндік жұмыс аптасында – 24 және 25 қазан, сенбі және жексенбі күндері демалыс болады.

Жалпы қазан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 6 демалыс күні болады.