Оңтүстік
Қазақстандағы бала зорлығына қатысты істі прокурорлар тексеретін болады. Бас
прокурордың арнайы тапсырмасы бар. Бұл туралы ведомствоның Фейсбуктегі ресми
парақшасында жарияланды. Онда істің тергелу барысын Бас прокуратура бақылайтыны
жазылған.
Ал бүгін 7 жасар баланың анасы Алматыдан Астанаға келеді. Мұны
бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева айтты. Мектеп оқушыларының баланы
зорлаған-зорламағанын анықтау үшін сараптама тағайындалған. Егер анасы рұқсат
берсе, білікті мамандардың қатысуымен кешенді сот-медициналық талдау
жасалмақ.
Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, бала құқықтары жөніндегі уәкіл:
Адвокат звондады. Айтты бүгін кешке келеміз, анасы екеуміз келеміз. Айттым қош келдіңіздер! Себебі бала сізді әбден сағынып жүр мамасын. Сіз де келіңіз, себебі адвокат ретінде сіздің билігіңіз бар. Келіп, билігіңізді атқарыңыз дедім.
Жоғарғы
сынып оқушыларының 7 жасар баланы зорлау дерегі алғаш рет өткен жылы тіркелген.
Зағипа Балиева құзырлы органдардың бұған назар аудармағанына наразы. Ал Білім
және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитетінің өкілдері құқық қорғау
органдары оқиғаны растамайынша, іске араласуға құқымыз жоқ деп отыр. Бала құқы
жөніндегі өкіл балалар проблемасын ұлттық бағдарлама жасап, арнайы орган құру
арқылы шешпесе болмайды деп санайды. Айта кетейік, 2015 жылы 261, ал 2016 жылы
123 бала зорланған.