$507.07 €572.53 ₽6.37
×

Алматыда құқық қорғаушылар пікір білдірді

AstanaTV
16.03.2018ж. 20:00
2434
Алматыда құқық қорғаушылар пікір білдірді

Ал құқық қорғаушылар мен зорланды делінген баланың сенімді өкілдері тергеудің жариялы түрде жүруін талап етті. Белсенді топтың өкілдері екі мәселені алға тартып отыр. Оның бірі - қылмыстық істі Оңтүстік Қазақстанның полициясы тергеуіне жол бермеу. Екіншіден - тәуелсіз сараптаманың ашықтығын қамтамасыз ету үшін процестерге жәбірленушінің қорғаушысы мен сенімді өкілі қатысуы тиіс. Елдегі ең сауатты сот-медицина сарапшылары мен психологтарды араластыру арқылы істің ақ-қарасын анықтауға болады, дейді жиналғандар. Қорғаушылардың айтуынша, зорлық көрді делінген баланы қоғамнан оқшаулау жүріп жатыр. Тіпті сенімді өкілі мен қорғаушылардың сұқбаттасуына мүмкіндік берілмеген. Ал адам құқығын қорғау жөніндегі бюро мамандары, іс әділ тергелмесе, ЮНИСЕФ, БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдардың бала құқығын қорғау жөніндегі сарапшыларын шақыруға мәжбүр боламыз деді. 

Бауыржан Азанов, құқық қорғаушы:

Егер оқиға орын алса, баланың айтуынша, ол бірнеше рет болды деп отыр ғой, ол дәлелденсе, кінәлі адамдар жауапкершілікке тартылсын. Ондай жоқ болса, тартылмайды. Біреуді ештеңкеге қарамастан, жауапқа тартсын деп отырған жоқпыз. Ұсақ-ұсақ емес, облыстық деңгейдегі лауазымды тұлғалар бұған жауап беруі керек. 

Аружан Сайын, Қазақстандағы адам құқығын қорғау комиссиясының мүшесі:

Осы баланың құқығының бұзылуына тікелей қатысы бар адамдар, мысалы, оны пойыздан түсіріп алуы, түнгі уақытта ішкі істер органы ғимаратында ұстап отыру, бейімдеу орталығына орналастыру сияқты әрекеттерге бұйрық бергендер жауапқа тартылсын. Басты талап - баланы адвокаттармен жолықтырып, оның құқығының қорғалуына мүмкіндік берілуі тиіс.