$507.07 €572.53 ₽6.37
×

«Төрт ағайындының» серкесіне тағылған айыптың бірі алынып тасталды

AstanaTV
16.03.2018ж. 20:00
1747
«Төрт ағайындының» серкесіне тағылған айыптың бірі алынып тасталды

Ақтөбеде «Төрт ағайынды» қылмыстық тобының серкесі Еркін Ізбасар мен тағы бір айыпталушы Қалдымұрат Қартжанға тағылған айыптың бірі алынып тасталды. Енді олар «Билік өкіліне бағынбау» бабымен айыпталмайды. Бұған өткен жылдың аяғында Қылмыстық кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі себеп болған. Атышулы процесс аяқталуға жақын. Барлық эпизодтар қаралып болған. Қылмыстық топтың астыртын әрекетінен мұнай компанияларына қанша шығын келгенін анықтау үшін сараптама тағайындалған еді. Яғни мұнай ұрланған кезеңде шикізаттың нарықтағы құнын анықтау қажет болған. Сол арқылы барлық шығын көлемі белгілі болады. Бүгін сот залына келген сарапшы маман тыңдалды.

Гүлмира Молдығарина, Ақтөбе аймақаралық сот сараптамасы орталығының бас сарапшысы:

2015-інші жылы шілдеде бір тонна мұнайдың құны - 35 314 теңге болған.  Ал 2016-ыншы жылдың ақпанында бір тонна мұнай құны 28 593 теңге болса, қазанда 47 453 теңгені құрады.

Еске салсақ, Еркін Ізбасар бастаған қылмыстық топқа заңсыз мұнай тасымалдау, сату, қылмыстық топ құру секілді баптар бойынша айыптар тағылған. Қазір барлығы 26 адам қылмыстық істері үшін сот алдында жауап беріп жатыр.