$507.07 €572.53 ₽6.37
×

Депутаттар электронды еңбек биржасының жұмысымен танысты

AstanaTV
16.03.2018ж. 20:00
2730
Депутаттар электронды еңбек биржасының жұмысымен танысты

Мәжілістегі "Нұр Отан" фракциясына мүше депутаттар электронды еңбек биржасының жұмысымен танысты. Халықты жұмыспен қамту орталығына барған мәжілісмендер жұмыс барысын көзбен көріп қайтты. Арнайы комиссияның отырысында әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарды жұмыспен қамту жайы сөз болды.

Елбасы тапсырмасына сай, электронды еңбек биржасы туралы заң жобасы мәжілісте мақұлданған болатын. Осы құжаттың арқасында «Еңбек» электронды порталының жұмысы одан әрі жүйелене түседі деген сенім бар. Бұл жұмыс берушіге де, жұмысшыға да тиімді алаң дейді мәжілісімендер. 

Кәрібай Мұсырман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Астанада  4600-дей бос жұмыс орыны бар. Жұмыс іздеген кез келген азамат элекронды еңбек биржасының сайтына кіріп, өзі қалаған жұмысты таба алады. Мұнан өзге де қажетті ақпараттар алуға мүмкіндік бар.