Негізгі / Жаңалықтар / «Нұр Отан» жапондық және германиялық әріптестермен байланыс орнатты

«Нұр Отан» жапондық және германиялық әріптестермен байланыс орнатты

«Нұр Отан» жапонның либерал-демократиялық партиясымен бірлесіп Астана мен Токио арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға жұмыс істейді. Партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Каватамен кездесті.

Қазақ-жапон әріптестігіне әсер ететін фактор - қос мемлекет басшыларының достастығы. Екеуі де өз елдеріндегі ірі партия жетекшісі. Президенттің жаңғырту бастамасы аясында Қазақстан жоғары технология дамыған Жапониямен қарым-қатынасты дамытуды қалайды. 

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Біз қарым-қатынастың нығаюына мүдделіміз. Әріптестерімізді Астанада көргіміз келеді. Былтыр біздің делегация барып келген. Жапондық әріптестеріміздің келуі екі жақты қарым-қатынасқа серпін береді деп ойлаймын.

Біздің елдің тағы бір әріптесі - Германия. "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары осы елдің Қазақстандағы елшісімен кездесті. Рольф Мафаэль үкіметтік коалицияға кіретін жетекші партиялармен қарым-қатынасты дамытуға септігін тигізетінін айтты. Мәулен Әшімбаев партияны жаңғырту бойынша негізгі міндеттерді айтып берді.