$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Қайырымдылық керуені» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек көрсетілді

AstanaTV
19.03.2018ж. 20:00
2911
«Қайырымдылық керуені» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек көрсетілді

Төрт жарым миллион теңгеден аса қаражат пен 15 тоннаға жуық заттай көмек. Алматыдағы мешіттер тасқын судан зардап шеккен шығыстықтарға осылай қол ұшын созды. Бұл заттар мешіт жамағаты мен тұрғындар тарапынан жиналған. Алматының бас имамы Еркінбек Шоқайдың айтуынша, «Қайырымдылық керуені» акциясы өткен жұмада басталған. Үш күн ішінде жиылған көмек ертең Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдарға жеткізіледі.

Еркінбек Шоқай, Алматы қаласының бас имамы:

Мұсылмандар бір-біріне жан ашуда, бір-біріне өзара қамқор болуда тұтастай бір дене секілді болу керек дейді. Егер де сол дененің бір мүшесі ауырып, ыстығы көтеріліп, сыздайтын болса, қалғанының барлығы сонымен бірге ыстығы көтеріліп, ұйқыдан қалады дейді. Біз осы сезіммен барлығымыз кірістік.