$446.56 €512.34 ₽5.3
×

Мемлекет басшысы Астанадағы заңсыз граффитиге қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды

Мемлекет басшысы Астанадағы заңсыз граффитиге қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы қоғамдық орындарды бүлдіретін мұндай «шығармашылыққа» заңнамалық тұрғыда толық тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды AstanaTV.

Президент Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке ғимараттардың қабырғасына граффити салатын тұлғаларға қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды.

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің қалаларында бұған жол бермеу керек, сондай-ақ әлемде вандализм мен бұзақылықтың сорақы көрінісі саналатын, қоғамдық орындарды бүлдіретін «шығармашылықтың» мұндай түріне толық тыйым салатын заңдық-нормативтік шаралар қабылдаған жөн.