$446.56 €512.34 ₽5.3
×

Жазғы Азия ойындары: Қазақстан гандболшылары алғашқы матчын өткізді

Жазғы Азия ойындары: Қазақстан гандболшылары алғашқы матчын өткізді
Фото: спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық гандболшылардың келесі кездесуі Оңтүстік Корея құрамасына қарсы өтеді, деп хабарлайды AstanaTV.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында гандболдан әйелдер арасындағы бәсеке басталды.

Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде Қытай командасымен ойнап, 24:34 есебімен жеңілді. Қытай құрамасы – өткен Азия ойындарының қола жүлдегері.

Қазақстандық гандболшылар келесі кездесуін Оңтүстік Корея құрамасына қарсы өткізеді.