$446.56 €512.34 ₽5.3
×

Теміртауда жарылыс болып, бір адам зардап шекті

20.09.2026ж. 07:42
Теміртауда жарылыс болып, бір адам зардап шекті
Фото: Теміртау ТЖБ

Теміртау қаласындағы жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды AstanaTV.

1959 жылы туған үй иесі Теміртау қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

"Теміртау қаласындағы Пушкин көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылды. Салдарынан үйдің терезе блоктары мен қабырғасы зақымданды. Бір адам зардап шекті", — деп хабарлады Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.