$446.56 €512.34 ₽5.3
×

Теміртауда тұрғын үйде жарылыс болды

Теміртауда тұрғын үйде жарылыс болды
Фото: istockphoto.com

Жедел медициналық жәрдем бригадасы 1959 жылы туған үй есін Теміртау қаласының орталық ауруханасына жеткізді, деп хабарлайды AstanaTV.

Теміртау қаласындағы жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, бір адам зардап шекті.

Бұл туралы Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

Оқиға 18 қыркүйек күні сағат 06:11 шамасында болған.

Теміртау қаласындағы Пушкин көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылды. Салдарынан үйдің терезе блоктары мен қабырғасы зақымданды. Бір адам зардап шекті, – дейді құтқарушылар.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы 1959 жылы туған үй есін Теміртау қаласының орталық ауруханасына жеткізді.