Көкшетауда құтқарушылар екі адамды құтқарып, газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды AstanaTV.
Көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде үй заттары мен жиһаз жанған. Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы екі адамды құтқарып, тағы екі адамды эвакуациялады. Сонымен қатар қауіпті аймақтан газ баллоны шығарылды.
ТЖМ күштері өртті сөндіріп, оның одан әрі таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.