$448.44 €514.81 ₽5.33
×

3 қала жылыту маусымына әлі дайын емес

3 қала жылыту маусымына әлі дайын емес

Еліміздегі бірқатар өңірлер әлі жылыту маусымына дайын емес. Премьер-министр қазандықтарды жөндеу жұмысын уақытылы аяқтау мәселесін қатаң бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.  Қажетті отын қоры жеткізілгенімен, қазандықтарды жөндеу барысында кемшін тұстар бар. Бектенов  облыс әкімдеріне тапсырма берді.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Бірқатар өңірде жөндеу жұмыстары толық аяқталған жоқ. Аталған өңір әкімдері жылу беру мәселесін тікелей бақылауға алсын. Семей, Степногор және Петропавл қалаларында жылу жүйесін іске қосуға баса назар аудару қажет. Жылу беру маусымы бойынша бақылау мен үйлестіру Нұрлыбек Нәлібаевта.