Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылжарда екі жігіт өртке оранған пәтердің тұрғындарын ажалдан аман алып қалды

AstanaTV
26.03.2018ж. 20:00
2855
Қызылжарда екі жігіт өртке оранған пәтердің тұрғындарын ажалдан аман алып қалды

Ал Қызылжарда екі жігіт өртке оранған пәтердің тұрғындарын ажалдан аман алып қалды. Оқиға таңғы сағат бестер шамасында болған. Үй иелері ұйқыда жатқанда бөлмені қалың түтін басады. Осы маңнан өтіп бара жатқандар байқап, өрт сөндірушілерді шақырған. Құтқарушылар пәтердің есігін сындырып, ішке кіргенде ес-түссіз жатқан зейнеткер мен оның баласын тапқан. Қызыл жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт айналасы жарты сағатта ауыздықталды. 

Никита Мархалюк, Петропавл қаласы төтенше жағдай басқармасының инженері:

Алдын ала болжам бойынша, өрт темекі шоғынан болған. Үй иелері қауіпсіздік шараларын сақтамаған сыңайлы. Қызыл жалынды сөндіру кезінде 26 адам эвакуацияланды. Кейін барлығы да үйлеріне оралды.

Ал түтінге тұншыққан пәтер тұрғындары жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір 44 жастағы науқастың жағдайы тұрақты. Ол токсикология бөліміне ауыстырылды. Ал анасының халі ауыр, дейді дәрігерлер.