Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Глубокое ауданында зардап шеккен отбасыларға 60 млн теңге бөлінеді

AstanaTV
26.03.2018ж. 20:00
3116
Глубокое ауданында зардап шеккен отбасыларға 60 млн теңге бөлінеді

Шығыс Қазақстанда төтенше жағдай. Күннің күрт жылынуынан өзендер тасып, үш бірдей ауданда ахуал ушығып тұр. Бес жүздей үйді  қызыл су шайып кетті. Глубокое ауданында зардап шеккендерге баспана алу үшін 60 млн теңге бөлінеді. Аймақ әкімі сумен алысқандардың жағдайын арнайы барып көрді.

Оба өзеніндегі сең ағысты бітеп қалған соң, бірнеше минут ішінде тасқын Шемонаихадағы 42 үйді шайып кетті. Мұз сеңгір 35 үйді тас-талқан еткен. Тұрғындар өзеннің бұлай буырқанғанын бұрын-соңды көрмедік дейді.

Олар түстен кейін келді, бәрі қатып жатқан кезде. Мұздың бәрін ойып, өзім тазалап шықтым күрекпен. Осынша көлемдегі суды помпамен сорды. Жартысы сорылмай сол күйі қалып қойды. Қора, монша, үй бәрі суда қалды. Үй 2 жұма бойы тұрды су болып.

Дамбу усильте, посчитайте убытки и компенсируйте.

Шұғыл түрде 111 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олар тамақпен, өзге де керек-жарақпен қамтамасыз етіліп, мектеп-интернатқа орналастырылды. Ал, Глубокое ауданында 1,5-2 метрге дейін қатып қалған жердің тоң қабаты қар суын сіңіріп үлгермей жатыр. Бұған қоса екі күн ішінде 3 айлық мөлшерде жаңбыр жауған. Салдарынан баспаналарды, көшелер мен жолдарды тасқын түгел шайып кетті. 406 адам мектеп, колледж, ауруханлараға көшірілді. Оның 135-і бала

Әсем Базарқұлова, аудан тұрғыны:

Терезенің жақтауынан асып кетті су. 22-ші наурыз күні түнде басталған еді. Бір қабат киім алып, құжаттарды алып, машинада түнеп шықтық. Үй суда тұрды.

Бүгін таңертең  аймақ басшысы Даниал Ахметов пен арнайы құрылған комиссия мүшелері зардап шеккендермен кездесті. Облыстық "Парыз"  қорынан 60 млн теңге бөлініп, апаттан зардап шеккендерге пәтер сатып алуға жұмсалмақ.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Прогресс, Предгорный аудан орталығында жағдай тұрақты, бақылауға алынған.  Ауданда 42 үйге су кірген. 11 адам мектепте, тиісті комиссия жұмыс жасап жатыр. Барлық мәселе шешіледі деген үміт бар. Барлық жұмыс атқарылып жатыр. Ешкім назардан тыс қалмайды.

Мамандар апаттан қанша тұрғын зардап шеккенін есептеп үлгерді. Облыста үш күн ішінде 481 үйді су шайған, 236-сы сол күйі судың астында қалды.

Бір жағынан апат 1946 жылы салынған ескі дамбаның кесірінен болып отыр. Еріген қар суы ағатын арықтар  қазылмаған. Аймақ басшысы су деңгейі түскен соң, жергілікті билік  тасқынға қарсы жұмыстарды жүргізеді деп сендірді. Қазір ауылдарда коммуналдық шаруашылық бригдаралары, ауыр техникамен құтқарушылар, әскерилер жұмыс істеп жатыр. Арықтар тазартылып, өзеннің сағасы бекітулде. Дамба мен су қоймасында су мөлшері сағат сайын бақылауға алынған. Ал синоптиктер облыста бүгін-ертең күшті жел тұрып, жаңбыр жауады деп болжайды.  

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ