Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыда өткен жылы 70 мыңнан аса ит пен мысыққа чип тағылған

AstanaTV
26.03.2018ж. 20:00
2798
Алматыда өткен жылы 70 мыңнан аса ит пен мысыққа чип тағылған

Алматыда өткен жылы 70 мыңнан аса ит пен мысыққа тегін чип тағылды. Анықталғандай, шахарда арнайы базада тіркелген үй жануарларының саны 127 500-ді құраған. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы айтты. Цифрлы деректер қорын қалыптастыруға арналған бағдарламаға 73 миллион теңге қаралған. Осы жылы да қаржы бөлінсе, жұмыс жалғасын таппақ. Чиптеу жұмыстары ит пен мысықтың түр-түсін, жасын, өзге де ақпараттар мен қожайынының кім екенін анықтауға мүмкіндік бермек.

Айдын Керімбек, Алматы қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы:

Әрбір чиптің өзінің коды бар. Мысалға, Алматының коды 16. Ол 12 саннан тұрады. Қай мемлекет, чиптің нөмірі, қай қаладан, қай жерден келген итті біледі. Карантинный периоды бар ит пен мысықтардың. Соған да қарау керек. Екінші мақсаты сол үшін жасалған.

Айдын Керімбек, наурыз айының аяғына дейін мобильді қосымша дайын болатынын хабарлады. Толықтай тексерістен өтісімен, кез-келген адам ұялы телефонына жүктеп, чиптелген үй жануарының қайда жүргенін анықтай алады деді.