$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Бас прокуратура сауда оталықтарындағы өрт қауіпсіздігін жаппай тексеруге пәрмен берді

AstanaTV
30.03.2018ж. 20:00
3148
Бас прокуратура сауда оталықтарындағы өрт қауіпсіздігін жаппай тексеруге пәрмен берді

Елдегі ірі сауда орталықтарындағы өрт қауіпсіздігі жаппай тексеріледі. Бүгін Бас прокуратура жоспардан тыс тексеруге пәрмен берді. Екі ай ішінде 1,5 мың шаршы метр және одан да үлкен құрылыс ауданы бар 1 151 нысанды қамту жоспарланған. Сауда орындарынан бөлек, мектепке дейінгі және жалпы білім беретін оқу орындары да тексеріледі.

Жасұлан Ақтаев, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бөлім бастығы:

Негізінен мұндай нысандардағы есіктер өрт дабылымен байланыста болады. Магнитпен жұмыс істейді, дабыл соғылғанда, есіктер автоматты түрде ашылады. Әрине, олар үнемі ашық тұрғаны дұрыс.

Ресей ойын-сауық орталығындағы 4-ші қабаттағы өрттен кейін балалар алаңы төменгі қабатқа түсірілуі мүмкін. Жаңадан бой көтеретін орталықтарға құрылысты жобалау кезінде осындай талап қою туралы ұсыныс әзірленбек.

Рамазан Бейсенғазинов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бөлім бастығы:

Біз өз тарапмыздан қоғамдық қауіпсіздік үшін, балаларға арналған алаңдарды жоғарғы қабаттан түсіруді талап етеміз. Мұндай норма білім беру мекемелеріне қатысы бар. Бастауыш сыныптар 3 этаждан жоғары болмауы керек деген сияқты.

Біздің сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі қаншалықты сақталған? Ертең 20:00-де "Біздің уақыт" бағдарламасындағы сараптамалық материалдан толығырақ көре аласыздар.