Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

2015 жылдан бері ішкі істер органдарының 59 қызметкері жазасын өтеушілерді азаптағаны үшін сотталды

AstanaTV
30.03.2018ж. 20:00
4028
2015 жылдан бері ішкі істер органдарының 59 қызметкері жазасын өтеушілерді азаптағаны үшін сотталды

2015 жылдан бері ішкі істер органдарының 59 қызметкері сотталды. Олар сотталғандарды азаптап, басқа да адамдыққа жатпайтын әрекеттерге жол берген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі өзіндік қауіпсіздік департаментінің өкілі Әділқожа Құсайынов мәлімдеді. Бүгін министрлік осы тақырыпта қоғамдық тыңдау өткізді. Жиында азаптауларға қатысты шағымдар азаймағаны белгілі болды. Өткен жылы азаптаудың алдын алу бойынша ұлттық үйлестіру кеңесіне жазасын өтеушілерден 120 шағым түскен. Мамандардың айтуынша, арыз-шағымдарға қатысты жыл сайынғы статистика өзгеріссіз.

Әділқожа Құсайынов, ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті басқарма бастығының орынбасары:

Ішкі істер органдарының қызметкерлері бойынша 2146 қылмыстық іс қозғалған. Олардың ішінде 34 іс аяқталып, 59 қызметкер сотталған. 146-шы бап бойынша қазіргі таңда осы бап бойынша ол аса ауыр қылмыс болып есептеледі.