Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ұлттық банк жаңа ипотекалық компания капиталына 150 млрд теңге қаражат құймақ

AstanaTV
30.03.2018ж. 20:00
2496
Ұлттық банк жаңа ипотекалық компания капиталына 150 млрд теңге қаражат құймақ

Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыратын ипотекалық компанияның капиталына 150 млрд теңге қаражат құймақ. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлімдеді. Оның сөзінше, ипотекалық қарыз теңгемен берілетін болады. Сонымен қатар тек жаңа үйлер қаржыландырылмақ. Ал, ескі бағдарламаларды «қайта қаржыландыру» қарастырылмаған деді ол. «7-20-25» бағдарламасы бойынша несилендірудің нақты талап-ережелері мамыр айында дайын болады. Ұлттық банк төрағасының орынбасары ипотекалық бағдарламаның максималды несиелендіру сомасын да айтып берді.

Олег Смоляков, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

Біз үлкен қалалар, яғни Астана, Алматы, Атырау мен Ақтауда 25 млн теңге беруді жоспарлап отырмыз. Өзге қалаларда шамамен 10 млн теңге болады. Ал, аймақтарда жаңа баспана салынса, 7 млн теңге беріледі.

Несие беруде қарыз алушының ай сайынғы кірісі ескеріледі. Ол ай сайынғы төлемнен екі есе көп болуы тиіс. Есеп бойынша үлкен қаладағы 25 млн теңге тұратын үйдің ауданы шамамен 70 шаршы метр болады. Ал, қарыз алушы бастапқы 20 пайызын салған күнде, әр айда 170 мың теңге салып отыруы тиіс. Сонда ай сайынғы табыс 340 мың теңгеден кем болмауы шарт көрінеді.