$441.77 €502.38 ₽5.23
×

Көкшетауда жүріп бара жатқан көліктен бойжеткен секіріп кетті

Көкшетауда жүріп бара жатқан көліктен бойжеткен секіріп кетті

Көкшетауда жүріп бара жатқан Volkswagen автокөлігінен бойжеткен секіріп кетті. Жүргізуші мен қыздың арасында жанжал туындаған. Әуезов көшесіне келгенде қыз бала есіктен құлап кеткен. Соның салдарынан жолаушы жарақат алды.  Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әйел адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған факт Көкшетау қаласы полиция басқармасында тіркелді. Қазір қызметкерлер тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.