Шығыстағы тасқыннан зардап шеккендерге қол ұшын созуға Оңтүстік Қазақстаннан көмек күші жөнелтілді. Аймақтан аттанған 26 құтқарушының 10-ы төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының қызметкерлері. Тағы 16 адам Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан. Олар су басқан елді мекендерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізеді. Өздерімен бірге отыз су соратын құралды да қоса әкетті. Айта кетерлігі, департамент басшысы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша әрбір құтқарушымен жеке нұсқау өткізген.
Сандуғаш Лесбек, ОҚО ТДЖ бас маманы:
Құтқарушылар аталған оқиға
орнында жағдай тұрақталғанға дейін, бәлкім, 10 күн, бір апта, жағдай толығымен
тұрақталғанға дейін, сол жерде, оқиға
орнында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізетін болады.