$480.61 €534.53 ₽5.28
×

БҚО-да әлсіреген киіктер өліп жатыр

AstanaTV
27.03.2018ж. 20:00
4409
БҚО-да әлсіреген киіктер өліп жатыр

Батыс Қазақстан облысында азықтан тарыққан киіктер әлсіреп, өліп жатыр. 20 киіктің өлексесі табылған, олар былтырғы төлдер. Бұл туралы облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Қадешев хабарлады. 21-22 наурызда жауған жаңбырдың соңы мұздаққа ұласып, киіктер шөптен тарыққан. Кейін олар тебіндеу үшін трактормен қар аршылған. Қазір жануарларды осы аудандағы екі аңшылық шаруашылығы бақылауға алыпты. Әлсіреген киіктерді браконьерлер де құр жіберер емес. Киік атты деген күдікпен ұсталған сегіз адамнан киіктің 6 мүйізі табылып, қылмыстық іс қозғалған.

Қайрат Қадешев, БҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы:

Күннің жылынуына байланысты әрмен қарай енді жаңағы қардың беті еріп, қазіргі кезде жылқылардың соңынан Көшім көлінің қамыстарының арасында тебінде жүр. Енді әлі де өлу фактісі тағы да тіркелуі мүмкін. Барлық жерді аралай алмадық, қаршана жүре алмады күннің жайлап еруіне байланысты. Сондықтан жаңағыдай фактілер әлі де болуы мүмкін.