$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Денсаулық сақтаудың электронды паспорты енгізілген күннің өзінде, оған науқастар туралы барлық ақпарат енбей қалуы мүмкін

AstanaTV
27.03.2018ж. 20:00
3135
Денсаулық сақтаудың электронды паспорты енгізілген күннің өзінде, оған науқастар туралы барлық ақпарат енбей қалуы мүмкін

Денсаулық сақтаудың электронды паспорты енгізілген күннің өзінде, оған науқастар туралы барлық ақпарат енбей қалуы мүмкін. Бұл туралы Республикалық денсаулық сақтау орталығының бас директоры Олжас Әбішев айтты. Өйткені кейбір дәрігерлердің жазуын түсіну қиын көрінеді, кейбір жерде қағаздар тозған. Яғни ол мәліметтерді электронды нұсқаға түсіріп, цифрландырудан өткізу мүмкін емес деп отыр. Денсаулық сақтау мекемелерінің цифрландыруына кедергі келітіріп отырған жайт - шалғайдағы медициналық мекемелердің интернет желісіне қосылмағаны. Әсіресе Шығыс Қазақстан, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан өңірлерінде қиындық бар көрінеді. Бүгінде 4 облыс қана электронды медициналық ақпарат жүйесіне көшкен. Олар Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды өңірлері. Қалғандарындағы орталық ірі емханалар осы жылдың аяғына дейін көшпек. Мамандар цифрлы медицинаға елорданың өзі әлі көше алмай жатқанын айтты.

Олжас Әбішев, Республикалық денсаулық сақтау орталығының бас директоры:

Астана көшкен жоқ әлі. Олар 1-ші қарашаға дейін көшеміз деп уәде беріп тұр. Мемлекеттік медициналық мекемелер. Жекелер қазір бірге іске асырып жатқан жұмыстарымыз бар. Олармен айқындаған уақыт жоқ. Толық 100 пайыз жеке медициналық мекемелер олар қазір медициналық ақпараттық жүйелерді ендіреміз деген ешқандай уәде жоқ.