$485.11 €523.82 ₽5.02
×

«Нұр Отан» партиясы жобасы аясында «Астана қаласы SOS балалар ауылы» қайырымдылық шарасы өткізілді

AstanaTV
27.03.2018ж. 20:00
6120
«Нұр Отан» партиясы жобасы аясында «Астана қаласы SOS балалар ауылы» қайырымдылық шарасы өткізілді

Жетім көрсең, жебей жүр. Астанада ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар дельфиндер шоуын тамашалады. Бұл "Нұр Отан" партиясының «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» жобасы аясында ұйымдастырылды.  «Астана қаласы SOS балалар ауылы» атты қайырымдылық шараға 30-дан аса бала қатысты. Олар ойын-сауық орталығындағы саябақты аралап, аттракциондарға мінді. Балдырғандар құр қайтқан жоқ, сый-сыяпаттар да алды. Мақсат - балалар үйінің тәрбиеленушілеріне әлеуметтік, психологиялық қолдау көрсету. Игі іске «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалының съезд делегаты, кәсіпкер Жантіл Өмірбай бастамашы болған.

Жантіл Өмірбай, «Жас Отан» ЖҚ Астана қалалық филиалының съезд делегаты:

Әрбір адам өз өмірінің мәнін түсіну керек. Ал балалар болса, сол өмірдің мәні мен сәні. Бүгін "Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" жастар қанатының съезд делегаты ретінде жасаған жұмысымның барлығы осы балалар үшін. Осындай игі шараларды ұйымдастыруға басқа да қайырымды жандарды шақырамыз.