Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Ипотекалық борышкерлердің қарызы теңгеге ауыстырылады

AstanaTV
28.03.2018ж. 20:00
1974
Ипотекалық борышкерлердің қарызы теңгеге ауыстырылады

Ұлттық банк жылжымайтын баспана үшін валютамен қарыз алғандардың төлемін теңгеге ауыстырмақ. Ол үшін «Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру» бағдарламасына түзету енгізілді. Доллармен несие алған азаматтар банкке өтініш жазуына болады. Бұл девальвация әсерінен берешегі артып кеткендердің төлемдерін жеңілдетуге жол ашады.  Айта кетейік, елде 23 мыңдай адам ипотекалық несиені АҚШ ақшасымен алған.

Миниса Хуспутдинова, ҚР Ұлттық банкі басқарма басшысы:

Олардың көбісінің жалғыз баспанасын сақтап қалу үшін, екінші деңгейлі банктермен келісімге қол жеткізілді. Бұл Елбасының биылғы халыққа арнаған жолдауында айтылған тапсырмаға орай жүзеге асты. Президент 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін валютамен қарыз алғандарға жеңілдік жасауды міндеттеген. Борышкер 2015 жылғы тамыздағы девальвацияға дейінгі курспен қарызын қайта есептеткенде, берешегі 2 есеге дейін қысқарады.