$447.73 €502.98 ₽5.35

Таразда 24 жастағы жігітті үй ауласында өлтіріп кетті

05.10.2026ж. 08:00
Таразда 24 жастағы жігітті үй ауласында өлтіріп кетті
Фото: polisia.kz

Қайғылы жағдай Абай көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған, деп хабарлайды Astana TV.

Куәгерлердің айтуынша, жас жігітті бірнеше адам пышақтап қашып кеткен, ол ауыр жарақаттан көз жұмған. 

Жамбыл облысы полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Аам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері күдіктіні оқиға ізін суытпай ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында», – делінген хабарламада.