$447.73 €502.98 ₽5.35

Алматыда тауда жоғалып кеткен шетелдік азамат әлі табылмай жатыр

05.10.2026ж. 09:08
Алматыда тауда жоғалып кеткен шетелдік азамат әлі табылмай жатыр
Фото: ТЖМ

Алматы тауларында жоғалып кеткен Оңтүстік Корея азаматы бір аптадан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Astana TV.

«Құтқарушылар Корея Республикасының азаматын іздеу аясында таулы аймақтарды тексеруді жалғастырып жатыр. Жұмыстар жер бедерінің күрделілігі, аумақтың үлкендігі және биіктіктің күрт өзгеруі жағдайында жүргізілуде. Қол жетуі қиын учаскелерге, тау беткейлеріне, шатқалдарға және басқа да жүру қиын аумақтарға ерекше назар аударылуда», деп хабарлады Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Іздеу-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары, сондай-ақ еріктілер жұмылдырылған. Барлығы 88 адам, 10 техника, үш кинологиялық есептоп және жеті ұшқышсыз ұшу аппараты жұмыс істеп жатыр.

Іздеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Жұмылдырылған күштер мен құралдар таулы аумақтарды кезең-кезеңімен тексеріп жатыр. Іздеу-құтқару операциясының барысы Төтенше жағдайлар министрлігінің тұрақты бақылауында.